Су сынамасында қандай қауіпті инфекция анықталды?

img 20240422 wa0208 Жаңалықтар

Өңірге өр суы келген сәттен бастап Қызылқоға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы судың санитариялық-химиялық
және бактериялогиялық құрамына қатысты 24 сынама алып,
лабораториялық зерттеу жүргізді. Ал мұның нәтижесі қандай? Бұл туралы аудан әкімдігінен, құзырлы орган өкілдерінен сұрап, білдік
.

Нақтылай кетсек, аудандағы «Қарасу» жерасты су қорындағы ұңғымаларды
тасқын суының басып қалуы салдарынан ауыз су үшін тұрғындарға уақытша 3 ұңғыма берілді. Осыған орай, тұтынылып отырған судың сапасының қалыпты екеніне, яғни жарамдылығына көз жеткізу мақсатында 12 бактериологиялық және сонша 12 санитариялық-химиялық сынама алынып, зертханаға жолданған. Нәтижесінде, нормативтік көрсеткіштерге жатпайтын лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталған. Қазір аталмыш кемшіліктер жойылып, Миялы ауылында су үздіксіз беріліп келеді.

-Бүгінде ауданға келген тасқын судың әсерінен бөлініп қалған шалшық
судан А вирусты гепатиті мен ротовирусты жұқпаларына қатысты зерттеу
шараларын жүргізуге қосымша су сынамасы алынып, тиісінше талдау
жасалынуда. Сондай-ақ су тасқынына қатысты жұқпалы ауруларға тән
эпидемиологиялық, оның ішінде ішек инфекциялары бойынша жағдай тұрақты,-дейді аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Алтынгүл Аймұратова.
Басқарма мамандары аудан тұрғындарына суды міндетті түрде
қайнатып ішуге немесе бөтелкелердегі суды тұтынуға, көкөністерді жуып жеуге
кеңес береді.

Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз