Тасқын су Махамбетке де жетті

img 20240423 133303 470 Жаңалықтар

Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық жайылмасына су ерте келді. Қазіргі уақытта қарғын су 17 учаскеде тіркеліп үлгерді. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жыл сайын су Жайық өзенінің жайылмасына 9 мамырдан бұрын келмейді. Биыл қарғын су әдеттегіден екі апта бұрын келіп отыр.

Қарғын су Төлеп-Қарасу, Қоржын, Алмағамбет, Өлі шығанақ, Гагушкин, Қызыл жар, 15-ауыл, 13-ауыл, Петрушкин, 12-ауыл, 9-ауыл, Қарашығанақ, Кіші Қарашығанақ, 8-ауыл, Бақсай, Глухой, Сборный жайылма учаскелерінде байқалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған ауданда 4 мың бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ                                              

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз