Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетте жыралардың аузы ашылып жатыр

Мамандар мұндай амалдың елдімекендерді тасқыннан қорғауға оң ықпал ететінін айтады, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

–Бүгінде 12 жыраға, оның ішінде Қарт Жайық, Ойынкөл, Өлішығанақ, Бесағаш, Қоржын, Қосөзек, Жұмай, Бесқала, Алмағамбет және басқа да жыраларға су жақсы құйылып жатыр. Судың көп бөлігінің сай-салаларға құйылуы елдімекендерді су тасқынынан аман алып қалуға көмектеседі. Әзірге судың құрамында орман шаруашылығына кері әсер ететіндей зиян байқалмайды, — дейді Махамбет ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің директоры Алтынбек Амангелдіұлы.

Орманшылардың айтуынша, соңғы уақытта облыста су тапшылығының салдарынан орман қорында қурап қалған ағаштардың саны көбейіп кеткен. Сондықтан қазір өңірде орман шаруашылығына қарасты барлық жыраның аузы ашылып отыр. Жыралар ағаш қалдықтарынан және топырақтан тазартылып, судың нормаға сай құйылуы үшін жағдай жасалуда.

Айта кету керек, облыста төрт орман шаруашылығы бар. Олар Атырау қаласы, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарында орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button