Тасқын су Индерге жетті

img 20240422 140928 355 Жаңалықтар

Атырау облысының Индер ауданында төрт суару-суландыру каналы бар. Ақсай, Бағырлай, Алғабас-Жорық, Құрайлысай каналдарының жалпы ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Соның ішінде ең ұзыны  105 шақырымды құрайтын  Бағырлай каналына көрші облыстан қарғын су келіп жетті.

Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Бағырлай каналы стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл канал Атырау облысы мен БҚО арасының шекарасы болып есептеледі. 1994 жылы су тасқыны кезінде Бағырлай каналына үлкен су келген еді. Биыл да Батыс Қазақстан облысы территориясында судың көп болуына байланысты, шекараға мол су келіп тұр, – дейді «Казсушар» РМК Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау Байбосынов.

Айта кету керек, қазір Индер ауданында Бағырлай, Ақсай каналында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз