Уəдені орындау – СЕРТ

whatsapp image 2021 09 22 at 18.19.28 СарапTime

ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОРТАҒА ҚАЛАЙ БЕЙІМДЕЙМІЗ? ОБЛЫСТА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨЗҚАРАС ҚАНДАЙ? ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАҚТАЛҒАН «ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ» ОРЫНДАЛУЫНДА КЕМШІЛІК БАР МА? ОБЛЫС ҮШІН ӨЗЕКТІ ОСЫНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ЖӘНЕ VII ШАҚЫРЫЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ. МӘЖІЛІСКЕ ОБЛЫС ӘКІМІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ.

Өзгеріс керек…

Облыс көлемінде инклюзивті білім беруді дамыту бағытында қандай жұмыстар жүзеге асып жатыр? Бірлескен мəжілістің күн тəртібінде əуелі осы тақырып талқыға түсті. Облыс əкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов биылғы ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V мəжілісінде инклюзивті қоғамдық орта қалыптастыру мəселесіне жеке тоқталғанын атап көрсетті. Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жүйелі түрде қолдау жұмыстарын үнемі жақсартып, ерекше балалардың білім алу құқықтарын іске асыруға айрықша назар аударған абзал. – Партияның «Өзгерістер жолы: Əр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі – əр баланың толыққанды өмір сүруіне жағдай туғызу. Оны орындау партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жүзеге асуда. «Nur Otan» партиясы «Болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп, республикадағы 22 қалада 2 мыңнан астам баланы қамтитын 43 инклюзивті білім беру кабинетін ашты, – деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Ерекше балаға – ерекше қолдау

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің баяндауынша, облыстағы аталған бағытты дамыту тетіктері, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында білім беру саласында маңызды жұмыстар жасалып жатыр. – Атырау облысында ерекше білімді қажет ететін 6653 бала бар. Оның 4325-і – мектеп жасында, 2328-і – мектепке дейінгі жаста. Ал, арнаулы орта оқу орындарында ерекше білімді қажет ететін 166 студент білім алып жүр, – деді басқарма басшысы. Статистикалық мəліметтер мектепке дейінгі жастағы 708 ерекше баланың мүгедек екенін растайды. Олардың балабақшамен қамтылу деңгейі – 39%, яғни, осы санаттағы 910 бүлдіршін мектепке дейінгі мекемеден тəрбие алады. Ал, мектеп жасындағы балалардың 3837-сі мектептерде біліммен қамтылса, 488-і денсаулығына байланысты шет қалған. Баяндамашының айтуынша, облыстың 159 мектебінде ерекше білімді қажет ететін 1040 оқушы даму деңгейі мен жас ерекшелігіне қарай білім алып жүр. Көрсеткіш – 81 % . Білім беру мекемелерінде инклюзивті білімді барлығына ортақ деңгейде беруге жағдай туғызу үшін мектептерді жабдықтау жұмыстары жүргізіліп отыр. Сатқан Ыбырайұлы 2025 жылға қарай инклюзивті біліммен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланғанын атап көрсетті.

Арнайы коррекциялық орталық ашылады

Қазір облыста ерекше балаларға арналған 3 мектеп-интернат, 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 2 психологиялық-медициналықпедагогикалық консультациясы, бірбірден оңалту орталығы мен балабақша жұмыс жасайды. Оларда тіл кемістігі бар, есту қабілеті нашар, көзі нашар көретін, ақыл-есі кем дамыған, психикалық дамуында тежелуі бар, аутистік спектр бар, сал ауруымен ауыратындар, басқа да бірқатар диагнозды балалар тəрбие алады. – Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында аутистік спектрі бұзылған балалар үшін қоғамдық қорлардың бастамасымен 6 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Оның екеуі – Елбасының «Қамқорлық» бастамасымен Б.Нысанбаев атындағы жəне №40 орта мектепте. Сондай-ақ Атырау қаласында «Болашақ» қоғамдық қорының бастамасымен №6 орта мектепте, «Зейін-Атырау» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен №№3, 24 жəне Индербор кентіндегі «Көктем» орта мектептерінде ашылды, – дейді облыстың бас ұстазы. Бұл игі үрдіс биылғы оқу жылында да жалғасын тапты. Жылыой, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласында аутистік спектрі бұзылған балалардан басқа үйде оқитын балалар инклюзивті кабинеттерде көмек көрсету арқылы ортаға араласа бастады. Ал, «Қамқорлық» қоғамдық қорының үлгісімен басқа да мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жоспарланыпты. Ашылған арнайы кабинеттер əдістемелік құрал-жабдықтар, дамыту құрылғылары, арнайы парта, басқа да қажетті дүниелермен жабдықталған. Сонымен қатар, облыста ерекше білімді қажет ететін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында арнайы мекемелердің желісін көбейту көзделіпті. Тағы бір меже – 400 орындық арнайы коррекциялық орталық ашу. Егер осы нысан пайдалануға берілсе, облыстағы ерекше білімді қажет ететін балалар толық қамтылмақ.

Маман қажет пе?..

Бірлескен мəжілісте инклюзивті білім саласына, əсіресе көзі көрмейтін, құлағының мүкісі бар балаларды оқытатын маманның тапшылығы да айтылды. Мұны шешудің жолдары қарастырылып жатқанын айтқан облыстың бас педагогы С.Есенғалиев арнайы кабинеттерді ашу барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан білім ордасынан орын тауып беру педагог-ассистенттермен, арнайы мамандармен қамтамасыз ету, педагогтар біліктілігін арттыру мұқият қадағаланып отырғанын да қаперге берді. Мысалы, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сəйкес, облыстық бюджеттен 50 маман «АВАтерапия» курсына оқытылады. Мектептердегі «инклюзияны қолдау кабинеттері» тəжірибесін енді балабақшаларда іске асыру да жоспарланып отыр. Облыс əкімі мұндай нысандар үшін əр шағынаудан бойынша мониторинг жүргізіліп, қай мектептерде ашу қажеттігі туралы жан-жақты зерделеу жүргізуді тапсырды.

«Жол картасы» қалай орындалып жүр?

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалмау қаупі бар шаралары мен оларды қаржыландырудың жайы да – өзекті тақырып. Мəжілісте қаралған бұл мəселенің де қоғамдағы ролі жоғары. – П а р т и я н ы ң с а й л а у а л д ы бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» талдау нəтижесі бойынша жасалған талдаулар кейбір шаралардың орындалмай қалу қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Биылғы 8 айға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ісшаралар мен көрсеткіштердің 32%-ы орындалған, 41%-ы орындалу сатысында жəне 25%-ның орындау мерзімі болмаған. Ал, орындалмау қаупі бар 18 шара бар екені белгілі болып отыр, – деді облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов. Мұның басты себебі – кейбір ісшаралар дұрыс жоспарланбаған жəне қаржысы қарастырылмаған. Осыған орай жекелеген аудан əкімдері онлайн байланыс арқылы мəселенің мəн-жайын түсіндірді. Мысалы, Индер ауданы бойынша биылға жоспарланған 111 шараның тең жартысы, яғни 56-сы орындалған. Аудан əкімі Салауат Өтеғұловтың айтуынша, Индербор кентіндегі қатты қалдықты сұрыптау кешенін салу, ауыл ішіндегі зираттарды қоршау, 90 орындық Уəдені орындау – СЕРТ балабақша салу, «Бизнес-Аймақ» өңірлік бағдарламасы аясындағы жобаларға несие беру, барлығы 4 іс-шараның орындалмау қаупі бар. Ал, Исатай ауданы əкімінің міндетін атқарушы Нұрғайша Əбежан жоспарланған 5 іс-шараның қаржы қиындығына байланысты орындалмау қаупі бар екенін жасырған жоқ. Олар – ауылдарға жазғы су құбырын тарту, Аққыстауда қоқыс сұрыптау алаңын жасақтау, Тұщықұдықтағы дəрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу, Тұщықұдық жəне Х.Ерғалиев ауылдарынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. Қызылқоға ауданының əкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Бисембиевтің айтуынша, биыл жоспар аясындағы ерекше балаларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін қазынадан қаржы бөлу, Тасшағылдағы мəдениет үйі, 4 елді мекенге ауыз су жеткізу шараларының орындалмай қалатын түрі бар. Ал, Атырау қаласының əкімі Қайрат Оразбаев Дамбы ауылындағы көп функционалдық спорт кешені жəне 9 балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын айтса, Махамбет ауданы əкімінің міндетін атқарушы Мардан Сейітқалиев тұрғын үй кезегі, соның ішінде əлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтуға қатысты қаржы шешілсе, іс-шараны толық орындауға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Жұмыстар жоспарға сай ма?

«Жол картасында» көзделген шаралардың орындалу барысы мен оларға қажетті қолдауларды тағы бір қарап, нақты шешім қабылдау қажеттігін атап көрсеткен Махамбет Жолдасқалиұлы облыс əкімінің орынбасары Нариман Таушовқа сөз кезегін берді. – Облыстың «Жол картасында» 2021 жылғы жоспарланған іс-шараларға жалпы 50 527 миллион теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 33 724 млн., жергілікті бюджеттен – 16 803 млн. теңге жоспарланған, – деді Нариман Бағытұлы. Республикалық бюджеттен қолдау көрсетілмеген іс-шараларды атаған баяндамашы Мақат ауданының Ескене ауылына кіреберіс 3,4 шақырым жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы алынғанын айтты. Алайда, 2022-2024 жылдарға республикалық бюджетті қалыптастыруға салалық министрлікке құжаттар ұсынылып, қолдау таппаған. Сол себепті аталған жобаның 2021 жылы облыс бойынша орындалмау қаупі бар. Ауданның «Жол картасында» аталған жоба бойынша 7 шақырым жол құрылысы 2022 жылға жоспарланған. Ал, Жылыой ауданы Құлсары қаласының Құрсай каналынан Нұрманов жəне Сариев көшесін жалғайтын көпір құрылысын бастауға 2021 жылға 200 миллион теңге жоспарланған. Бірақ оның жобалықсметалық құжаттамасы шілде айында шығуына орай, биыл республикалық бюджеттен қолдау таппаған. Алайда, министрлікпен бірлескен жұмыс нəтижесінде 2022 жылғы бюджетті нақтылауда қаржы қаралады. Сонымен қатар, Атырау қаласында ұзындығы 27 шақырымдық «Солтүстік айналма автомобиль жолын» салу жо б а с ы н ы ң жо б а л ы қ – с м е т а л ы қ құжаттамасы 25 тамызда дайын болыпты. Құрылыс жұмыстары республика деңгейінде жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асуы маңызды

Нариман Таушов бұған қоса, жергілікті бюджеттен қаржысы қарастырылмаған 2 жобаны да атап көрсетті. Ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» өңірлік бағдарламасы жəне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде кəсіпкерлердің 300 жобасын шағын несиелендіруге қаржы қажет. Бюджетте оған жеткілікті қаржы болмағандықтан, республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы қаражат арқылы жүзеге аспақ. Ал, жағалауды қорғау бойынша 84,8 шақырымға жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның 21,7 шақырымын биыл жөндеу жоспарланған. Əйтсе де, мұның да нақты шешімі жоқ. – Дегенмен, бюджет қаражатына тəуелді емес жобалар да «Жол картасы» арқылы жоспарланған. Яғни, аталған жобалар бағдарламаға жеке инвесторлар есебінен елді мекендердің экономикалық əлеуетін көтеру мақсатында енгізілген. Сондай жобалардың бірі – Қызылқоға ауданындағы «Құрман» ша руа қожалығының тəулігіне 2 тонна сүт жəне сүт өнімдерін өндеу цехын салу. Қазір инвестор құрылыс жұмыстарын толық аяқтаған. Енді өндіріске қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат іздестірілуде. Дəл осындай жоба Құрманғазы ауданы «Жол картасындағы» көлік-логистикалық инфрақұрылымының тиімділігін арттыру үшін қосымша жер бөлуге өтініш жолданған. Жоба инвестордың қаражаты есебінен жүргізіледі, – деді облыс əкімінің орынбасары.

ТҮЙІН:

Рас, кейбір жобалар облыстың «Жол картасында» қарастырылмаған. Сондықтан, тиісті құрылымдар бірлесіп жұмыс жасағаны жн. Жұмыстың сапалы болуы үшін мұның маңызы жоғары екеніне тоқталған облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов талқыланған мәселелер бойынша жұмысты ширату керектігін айтып, жауапты лауазым иелеріне бірқатар тапсырмалар берді. Жергілікті атқарушы органдар облыста инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қажетті шараларды қабылдауы қажет. Ал, партияның облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен түрде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қолайлы орта қалыптастыру жұмысына талдау жасауы тиіс. – Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жніндегі «Жол картасының» орындалмау қаупі бар тармақтары бойынша қосымша шаралар қабылдау керек, – деп тапсырма берген филиал трағасы Махамбет Жолдасқалиұлы инвестициялық жобалардың, жұмыс орындарының құрылуы бойынша крсеткіштерді бақылау, индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз ету керектігін де мұқият тапсырды. Аталған жиынға партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының және облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдар басшылары мен онлайн байланыс арқылы партияның аумақтық филиалдарының жетекшілері қатысты.

Гүлжан ƏМІРОВА

Мейірім ҚАЛАУИ, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Атырау облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға толық мүмкіндік бар. Қазір 18 шараның орындалмау қаупі бар деп анықталды. Олар, негізінен, ұйымдастырушылық жұмыстарға жəне қаржыға байланысты. Бірлескен мəжілісте облыс əкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы тиісті мəселелерді тағы да пысықтап, бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы нақты тапсырма берді. Демек бұл шаралар мерзімінде орындалады. Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасы – сайлаушыларға берген партияның уəдесі. Сондықтан, оны орындау – барлық деңгейдегі депутаттардың, жергілікті атқарушы орындардың міндеті. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген іс-шаралардың уақытында əрі сапалы орындалуы – партияның жергілікті филиалдарының жіті бақылауында. Облыс бойынша қаралған 128 іс-шараның орындалмай қалу қаупі бар жобалары қатарында жаңа жұмыс орындарын құру, облысқа инвестиция көлемін арттыруға мүмкіндік беретін кейбір ауқымды жобалар бар. Олар келесі жылға ығыстырылады. Ал, бюджет есебінен жасалатын жұмыстар дер кезінде жəне жоғары сапамен орындалады. Оған партия тарапынан бақылау бар. Бұған қоса, партияның белсенді мүшелері мен депутаттар күнделікті мониторинг жасап, ұдайы қадағалап отырады. Егер мəселе туындаса, ішкі тəртіпке сай арнайы қарап, талданады.

Атырау облысы бойынша «Жол картасында» 7 басым бағыт бойынша 128 іс-шара жоспарланған:

– 34,7% – «әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ» бағытына;

– 26,6% – «экономикалық тұрақты аймақ» бағытына;

– 15,3% – «жайлы аймақ» бағытына;

– 23,4%

– басқа бағыттарға тиесілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз