Бірлік бар жерде тірлік бар

mmv e1712669278635 Саясат


Табиғаттың мұндай тосын құбылысы атыраулықтарға таңсық емес, таныс. Десек те биылғысының жөні бөлек. Осы жолы біздің өңірге ғана емес, бүкіл елімізге зардабын тигізген апатты жағдай орын алуда.
Осыған байланысты жоспар жасалды, қаржы қаралды. Кешенді шаралар қабылданды. Ендігі мәселе – соның қалай, қандай деңгейде орындалуында. Мұнда атқарушы билік құрылымдарының басшылары мен өкілді орган -– жергілікті мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жалпы «қанша қаржы бөлінді, ол қайда, қандай мақсатқа жұмсалды?» бұл жауаптардың жауабын көп кешіктірмей алармыз деген ойдамын.
Қызылқоға мен Жылыой аудандарындағы су тасқыны одан қорғануға қаншалықты дайын екенімізді, қамданысымыздың деңгейін көрсетті.

Мені қуантқаны, атыраулықтардың сын кезеңдегі ауызбірлігі, ұйымшылдығы, қандай қиындыққа да қарсы тұрып, күш біріктіре, тізе қоса әрекет ете білетіндігі.


Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ,  республикалық «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз