Жайық деңгейі 10 метрден асты

img 20240510 wa0022 Жаңалықтар

Өзен деңгейі Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті тұсында бір тәулікте 22 сантиметрге көтеріліп, 1014 сантиметрге жетті. Бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден 169 сантиметрге көп.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәлімдеуінше, Махамбет кентіндегі гидропостта су 16 сантиметрге өсіп, 924 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгейден 74 сантиметрге артық. Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 6 сантиметрге артып, 528 см болды. Иректі су қоймасынан 192 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидропостында – 1 см, Ганюшкинода 2 сантиметрге көтерілсе, Котяевкада су деңгейі бір қалыпты. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 840 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзені бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз