Махамбет пен Сарытоғай ауылы арасындағы тас жол жырылды

screenshot 20240510 084824 telegram Жаңалықтар

Махамбет ауданы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында
Махамбет пен Сарытоғай ауылдарының ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келуде. Су деңгейін азайту мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыларалық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді, – деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырым. Ал аталған ауылдарда 12 924 адам тұрады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз