Атыраулық полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне қайтарды

whatsapp image 2021 10 13 at 10.19.41 Құқық

4-10 қазан аралығында, яғни бір апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 7 хабарлама келіп түскен. Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына табыстады.

Мысалы, 12 қазан күні сағат 00:28 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 36 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, 2021 жылдың 8 қазан күні сағат 12:00 шамасында 14 жасар ұлының тұрғылықты мекен- жайынан шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған.

Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылған.
14 жастағы жасөспірімнің айтуынша ол өзінің анасымен сөзге келіп қалып үйден кетіп қалған және осы уақытқа дейін достарының үйінде болған.

Жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірім Ішкі істер органдарының есебіне алынып, жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

whatsapp image 2021 10 13 at 10.19.42

Өз кезегінде Атырау қаласының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада “102” арқылы полицияға хабарласыңыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз