Атырауда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

img 20240419 wa0277 Құқық

Атырау облысында жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты WhatsApp мессенджерінде ашылған чаттардың бірінде белгісіз ер адам алаяқтық іс-әрекет жасап, полицияның қолына түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, бұл адам бағасы 100 теңгеден 2 тонна дизельдік отын сататынын айтып жарнама жасаған. Ал 43 жастағы қала тұрғыны су тасқынының алдын алуға бөгет салу жұмыстарына топырақ әкелетін КамАЗ жүк көлігіне жағу үшін сатып алуға келісіп, күдіктіге 100 мың теңге көлемінде ақша аударып, алданғаны жөнінде арызданған.
-Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық әрекетіне барған 33 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір күдікті өз кінәсін толық мойындады, оған қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді М.Ердәулет.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз