Жылыойда қараусыз қалған үйлерден атыс қарулары табылды

f262dec43183b9b67b969871ebd0554c 1280x720 Құқық

Жылыой ауданында су тасқыны кезінде қараусыз қалған үйлерден 60 атыс қаруы уақытша алынды. Бұл туралы Жылыой аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Шыңғысхан Бағытов мәлімдеді, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

–Жылыой аудандық полиция бөлімі қызметкерлері су тасқыны кезінде ауданда тіркелген атыс қаруларын түгендеп, қараусыз қалған үйлердегі қаруды полиция бөліміне тапсыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Су басқан аймақтарда тіркелген 60 атыс қаруы алынды. Тұрғындардың Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына өздерімен бірге алып кеткен – 4, Ақтау қаласына бірге алып кеткен – 3, Атырау қаласына өздерімен бірге алып кеткен – 2, үйлерін су басып қалып қойған 1 қару анықталды. Қазір төрт қару иесін анықтап табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан үйлері қараусыз қалған жағдайда тұрғындар заңды қаруларын аудандық бөлімге уақытша тапсырулары тиіс, – деді Шыңғысхан Бағытов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз