Жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды жымқырғандар ұсталды

img 20240419 wa0011 Құқық

Кеше 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Белгілі болғанындай, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып, құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған. Қазір оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, – дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз