Бес маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді

1631594474 photo 77523 Жаңалықтар

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Дипломмен ауылға» жобасымен биыл 15 маманға көтерме жәрдемақы және 5 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілген.

-Жас мамандардың әрқайсысына 4 жарым миллионнан астам несие берілді. Бұл жас мамандарды тұрақты жұмыста қалдыру үшін жасалып жатқан іс-шаралар.
Сондай-ақ мүгедектерді кәсіби оңалту негізінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа 27, тұрақты 11, квота бойынша 5 адам жұмысқа орналастырылды,- деді П.Хасанов.

Оның айтуынша, биыл 1035 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған. Оның ішінде 334 адам ақылы қоғамдық, 39 адам әлеуметтік, 59 адам жастар тәжірибесі арқылы жіберіліп, 603 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

сурет: ашық дереккөзден

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз