Баннер 9 мая от газеты Атырау

Қоғамдық көлік қыз-келіншектер үшін тегін

istockphoto 1082096300 612x612 1 Жаңалықтар

Жылыой ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер тегін қатынайды. Бұл игі шараны Жылыой ауданы әкімдігі ұйымдастырып отыр.

«БатысТехИнвест» ЖШС басшылығы да Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қыз-келіншектерді тегін тасымалдауына қуана келіскен.

Құлсары қаласында қалаішілік 12 бағыт бойынша 54 автобус болса, ауыларалық 6 бағыт бойынша 6 автобус бар. Ал жолақысы – қала ішінде 50 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 100 теңге) де, ауылдық округтерге 150-330 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 300-660 теңге) аралығында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз