Баннер 9 мая от газеты Атырау

Қолды болған қазына

  Жергілікті жердегі екі браконьерден 842 келі балық тәркіленіп отыр. Жуырда Көктоғай елді мекенінің маңынан «Газель» автокөлігі тоқтатылған болатын. Оның тізгінін ұстаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны заңсыз дүние әкеле жатқандығы анықталды. Техниканы тексергенде, оған жалпы салмағы 842 келі құрайтын балық тиелгені белгілі болды. Ал, оның ешқандай құжаты жоқ екен. Аталған дерек бойынша материалдар Атырау облысының табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды. Дегенмен, табиғат қорғаушылар тегеурінді шаралар алынғанымен, осындай заңсыздықтардың жиілегенін айтып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз