Баннер 9 мая от газеты Атырау

Баға – БАҚЫЛАУДА ма?

nutrition 2 1200x799 1 Жаңалықтар

Атырауда азық-түлік бағасы қымбаттады. Әсіресе, күнделікті тұтынатын тағамдар бағасы айтарлықтай өскен. Қазан-қараша айларында күнбағыс майы шамамен 35, ет өнімдері – 25, ал жұмыртқа – 30 пайызға қымбаттағаны байқалды.

Шынында да, жергілікті фабрикадан шығаратын өнімін үш есеге дейін қысқартқан. Кәсіпорын бір кезде жылына 90 миллион, ай сайын 8-9 миллион дана жұмыртқа шығарып жүрді. Оған себеп – тауықтың жемі қымбат болған соң мекиеннің саны азайыпты.

– Қараша айында 2 миллион данаға жуық жұмыртқа өндірдік. Оның орташа бағасы 33 теңгеден сатылып жатыр. Фабриканың толық қуатын пайдалану үшін жаңадан балапандар сатып алып жатырмыз. Қазір 56 мың бас балапан күтімде тұр. Олар қаңтар айының ортасынан бастап өнім бере бастайды, – дейді «Алмалықұс» фабрикасының өндірістік директоры Арман Харисов.

Облыста азық-түлік бағасын тұрақт андыруға арна лған кешенді бағдарлама бар. Соған сай «Атырау» əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациясы» АҚ ірі сауда орындарымен келісім жасасқан болатын. Соның арқасында бірінші кезекте тұтынылатын азық-түліктер бағасы бақылауда. Бұл да əзірге тұтынушы үшін тиімді болып тұр. Қазір облыстағы ірі сауда орындарында «əлеуметтік өнімдер бұрышы» жасақталып, тұрғындардың күнделікті тұтынатын тағамдарын сатып келеді. Мамыр айында корпорация облыстағы ірі сауда орнымен келісім жасасқан.

– Келісім-шарт бойынша ірі сауда орнына 400 миллион теңге бөлінген болатын. Олар шарт талаптарына сəйкес, 36 сауда орнында əлеуметтік маңызы бар 15 түрлі азық-түлікті сатып жатыр. Тауар бағалары облыс əкімдігі белгілеген шектен аспайды, – дейді «Атырау» ƏКК мемлекеттік жобаларды іске асыру департаментінің менеджері Азамат Айтбаев.

Қор келер жылдың мамырына дейін жетуі тиіс. Оның сыртында 605 тонна көкөніс тұрақтандыру қорында сақтаулы. Картоп, пияз, сəбіз, қырыққабат секілді жиі тұтынылатын тағам түрлері қыс ортасына қарай арзан бағамен саттыққа шығарылады. Себебі, қазір қала базарларында көкөністің түрі мол, бағасы да тұрақты.

С о н д а й – а қ , о б л ы с орталығында төрт жерд е ж ə н е б а р л ы қ а уд а н орталықтарында жексенбілік жəрмеңке ұйымдастырылып келеді. Мұндағы азық-түліктер өндірушіден тікелей тұтынушы дастарханына жеткізіледі. Сондықтан, бағасы нарық құнынан 45-50 пайызға арзан.

Бақберген ТӨЛЕН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз