Баннер 9 мая от газеты Атырау

Азық-түлік қоры – 605 тонна

711092 484929 Жаңалықтар

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аймағымыздағы тұрақтандыру қорына сатып алынған азық-түлік өнімдерінің көлемін жариялады.

Корпорацияның департамент директоры Гүлмира Мендалиеваның айтуынша, биыл да «Феликс» шаруа қожалығымен форвардтық негізде келісім жасалған. Нəтижесінде, тұрақтандыру қорына 605 тонна азық-түлік алынды. Оның 361 тоннасы – картоп, 79 тоннасы – пияз, 49 тоннасы – сəбіз, 114 тоннасы – қырыққабат. Бұл өнімдер аталған қожалықтың жеке қоймаларында сақталып, желтоқсан айынан бастап қаладағы «Көктем», «Насиха», «Дина», «Сарайшық» базарларында нарық бəсінен 10- 20 пайыз төмен бағамен сатылатын болады. Яғни, картоп – 100 теңге, пияз – 81 теңге, сəбіз – 91 теңге, қырыққабат – 92 теңгеден саудаланады. Өткен жылы тұрақтандыру қорына 1115 тонна тауар сатып алынған болатын.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аймағымыздағы тұрақтандыру қорына сатып алынған азық-түлік өнімдерінің көлемін жариялады.

Сонымен қ о с а , О р а л қ а л а с ы н д а ғ ы «Жилаев» АҚ-нан 1060 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны тасымалданып, қаланың 9 наубайханасына нан шығару үшін үздіксіз жеткізіліп тұрды. Б а й қ а ғ а н ы м ы з д а й , б и ы л алынған азық-түлік қорының мөлшері былтырғыдан екі есе аз. Наубайханаларға жеткізілетін ұнның жайы да хабарланған жоқ.

– Иə, биыл тұрақтандыру қ о р ы н а ж ы л д а ғ ы д а н а з мөлшерде азық-түлік өнімдері с а т ы п а л ы н д ы . М ұ н ы ң өзіндік себебі бар. Соңғы жылдары қаламыздағы сауда нарығында көкөніс тапшылығы байқалмады. Сол себепті, қыс мезгілінде де баға тұрақтылығы қалыпты жағдайда болды. Біз өткен жылдардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату барысын жан-жақты зерделей келе, қаламыздағы тұтыну нарығына 605 тонна өнім жеткілікті деген қорытындыға келдік, – деді департамент директоры Гүлмира Төлейқызы.

Тұрақтандыру қорындағы өнімдер қала сыртындағы «АгроФеликс» ЖШС-не қарасты азық-түлік қоймаларында сақталады. Бұл серіктестіктің иелігінде одан өзге, көкөністі консервілеу жəне салат дайындау цехтары, дүкені бар. Көкөніс сақтайтын қоймаларға бір мезгілде жалпы есеппен 8 мың тоннадай өнім сақтауға болады.

– Шаруа қожалығы биыл мол өнім алды. Қазір қоймамызда 3,5 мың тонна жуа, 1,5 мың тонна сəбіз, 900 тоннадай картоп, 350 тонна қырыққабат, 300 тонна қызылша сақталуда. Өнімдеріміз қала базарлары мен аудан орталықтарына жеткізіліп тұрады. Сонымен қатар, өзімізден шығатын салат жəне консерві өнімдерінің түрлері қаладағы бірнеше сауда нүктелерінде сатылуда, – деді «АгроФеликс» ЖШС-нің сату жөніндегі бас менеджері Владислав Юн.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз