Баннер 9 мая от газеты Атырау

«Халықты ауыз сумен қамту – басты міндет»

whatsapp image 2022 05 20 at 15.43.31 Экономика

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Байда ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді. «Атырау-Астрахань» автомобиль жолы, әлеуметтік нысандарды жаңарту және сапалы ауыз сумен қамту жайы айтылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықпен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берді. Осында айтылған мәселелер заң аясында шешімін табады. Ал енді ауыз су жайына тоқталсам. Қазіргі кезде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Халық тіршілік нәрінен тарықпауы тиіс. Ауылды дамытуға бөлінген қаржы мақсатты түрде жұмсалуы керек, деді Серік Шәпкенов.

Кездесуден соң аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Айта кетейік, Байда ауылының тұрғындар саны 1900-ден асады. Онда 1 мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз