Ұлттық ойындар кабинеті ашылды

img 20240502 wa0082 Білім

Қызылқоға ауданы Сағыз орта мектебінде ұлттық ойындарды ұлықтап, келешек ұрпаққа насихаттауға арналған арнайы кабинет ашылды.

Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, кабинетте қазақтың «Бес тас», «Тымақ ұру», «Қамшылау», «Ақсүйек», «Асық ату», «Садақ ату», «Көкпар», «Ләңгі тебу» ойындарына қажетті құралдар қойылған. Сонымен қатар арнайы дидактикалық материалдар мен әдістемелік бұрыш жасақталған.

Айта кету керек, Ұлттық ойын кабинетін білім ошағының алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастама көтеріп, өз күштерімен ашқан.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз