Геологиялық барлау рәсімдері жеңілдеді

dbbd5aa4cfe7c7c11a8e0d847ad6acad 1280x720 Экономика

Елімізде жер қойнауын пайдалану бойынша құны 9 млрд. теңге болатын 5 жаңа модельдік келісім-шарт жасалған. Бұл туралы Energo Official телеграм-каналы хабарлап отыр.

Белгілі болғандай, кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарын бастау үшін қажетті рәсімдердің мерзімдері айтарлықтай қысқарыпты. Электрондық аукционды оңтайландырудың арқасында қазына қаражатына түскен «қол қою» бонусының сомасы 1,5 есеге ұлғайған. Ал, баламалы салық қоры азайған кен орындарын игеріп жатқан инвесторлар үшін енгізілуі мүмкін.

Өткен жылдан бері барлау жүріп жатқан 30 көмірсутекті кен орнында өндіру жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Энергетика министрлігі биыл бірнеше жаңа газ жобаларын іске қоспақ. «Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесі былтыр 4,1 трлн. теңгеге жеткен. Қазақстанда әлемдік өндірушілермен бірлескен 5 жаңа мұнай-газ жабдықтарының өндірісі ашылды. Энергетика министрлігі өткен жылы орындалмаған міндеттемелерге байланысты жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасақталған 22 келісім-шартты бұзды» деп хабарлайды телеграм-канал. 

Былтыр көмірсутектер бойынша геологиялық барлауға салынған инвестициялар көлемі 7,4 трлн. теңгеге жеткен.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз