Жаңа қондырғы мұнайды көбейтуге мүмкіндік береді

tsho Экономика

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кен алаңындағы төменгі қысымда жұмыс жасайтын нысандарды басқару жөніндегі жобаны  сынақтан өткізді. Соған байланысты ұңғымалардағы қысымды жоғары көрсеткішке көтере алатын алғашқы қондырғыны іске қосты.

Қазақстанның энергетика саласы мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдамалық ресурсының хабарлауынша, бұл жаңалық Теңіз кенішіндегі «қара алтын» өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асырудың шешуші кезеңі болып саналады. Жаңа жоба ұңғымалардың түбіндегі қысымды төмендету есебінен осында жұмыс жасап тұрған мұнай өңдеу зауыттарының (толық қуаты жылына 28 млн. тоннаға жуық өнім) қызметін қалыпты ұстап тұруға арналған. Осылайша, зауыттар үшін оның қысымын біртіндеп арттыру көзделген. Қысымды көтеру жүйесіне қажетті қосымша компрессорлар және қалған өлшегіш құрылғылар жыл соңына дейін іске қосылып, қайта жабдықталады.

«Келешек кеңейту» жобасының ақтық кезеңі 2025 жылдың алғашқы 6 айы ішінде мәресіне жетеді деп жоспарлануда. Мұның өзі ТШО компаниясына Теңізден өндірілетін шикі мұнайдың көлемін тағы да 12 млн. тоннаға дейін арттырып, тәуліктік межені 260 мың баррельге жеткізуге мүмкіндік береді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз