АТЫРАУДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ (+фото)

899a70c2 d5e8 4809 9afe 3fd6586eb1b3 Экономика

Дәстүрлі «Жыл кәсіпкері» шарасында сала үздіктері мен белсенді бизнес иелері марапатталды. Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығында өтіп отырған биылғы салтанаттың сәні бөлек.

Кәсіпкерлер сынға түсетін байқауды бұл жолы облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

a47aec7b caf2 4f2e 8e58 ae9e3c523c1a

Осындағы кәсіпкерлер палатасының өкілі Әсел Тұяқбаевның айтуынша, конкурстық комиссия 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында үміткерлердің өтініштерін қабылдап, 20 желтоқсанға дейін алты аталым мен ең басты жеңімпаз анықталған. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге аймақ басшылығының алғысын жеткізді.

932f9298 1cb5 4a7e bf59 c5d4a0cee3a9

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Гүлмира Жұмағалиева мен «Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағының» төрағасы Айбар Жаниязовпандемияның салдарына қарамастан жергілікті кәсіпкерлер қандай қиындыққа да қасқайып қарсы тұрғанын айрықша атап өтті.

– Тәуелсіздіктің отыз жылында Қазақстанымыз адам танымастай өзгерді. Халықаралық аренадағы абыройымыз артып, беделіміз биіктеді. Бұған түрлі экономикалық реформалар мен жаңашыл бастамалар себепкер болды. Осы уақыт ішінде нарықтық экономика қарқынды дамуы үшін көптеген алғышарттар жасалды. Мемлекеттік қолдау аясында атыраулық бизнес те жыл сайын мол табысқа кенеліп, зор жетістікке жетіп отыр. Жаңадан ашылған жүздеген кәсіпкерлік нысандар мен мыңдаған жұмыс орны – осы сөзіміздің айғағы. Атқарушы билік, кәсіпкерлер мен қоғамдық қауымдастық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана осындай табысқа кенелуге болады, – деді Гүлмира Сабырқызы.

1580d431 19ad 4f43 ad1d 7d9d76d59b16

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша «Шишка» дәмханасының иесі Ару Камалова – «Жас кәсіпкер», «Кофе бум» кофеханасының иесі Әлішер Жуасбаев – «Қызмет көрсету саласының үздігі»,  Атырау қаласындағы Бубновский орталығының директоры Риза Мұрзагалиева – «Медициналық қызмет көрсету саласының үздігі», «Достан Ата» шаруа қожалығының жетекшісі Сейтжан Балжігітов – «Үздік шаруа қожалығы», «УльтраСтаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Азамат Асылбеков – «Үздік өндіруші», «НурАтырауКурылыс» ЖШС директоры Нұрлан Нұрмұханов – «Құрылыс бизнесі саласының үздігі» атанды.

Ал, «Prime Family Group» компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Мұқұшев «2021 жылдың ең үздік кәсіпкері» атанды.

4b8ee22e 9fde 46d4 ad61 b0a96bfdbd8a

Ол 14 жылдан бері қоғамдық тамақтану саласында жемісті еңбек етіп келеді. Іскер азаматтың бастамасымен – «Гинза-Атырау» мейрамханасы, «Бармаглот» дәмханасы, «Казбургер» тез тамақтану орындарының желісі, қалаға арналған «Фреш энд гоу» дәмханасы, «Чобан» ет мейрамханасы, «Бэйкерист» наубайханасы, «Ви Бренд» креативті агенттігі ашылған болатын. Бүгінде «Prime Family Group» компаниялар тобында 500 адам жұмыс жасайды.

– Мұндай маңызды марапатқа алғаш рет ие болып отырмын. Бұл тек менің ғана жетістігім емес, біздің компания қызметкерлерінің көп жылғы бірлескен еңбегінің нәтижесі. Барлық бизнес жетекшілерінің басын қосқан байқау ұйымдастырушыларына алғысым шексіз, – деді ағынан жарылған жеңімпаз.

Сондай-ақ, осы кеште «Бизнестану «Әлия» байқауының жеңімпазы – «AND Development» ЖШС директоры Бақыт Ысқақова, «Аруана» бизнес құрмет» республикалық премиясының иегері – «Бірлік – Миялы» кешенінің басшысы Айжан Ізімова марапатталды. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз