«ҚазТрансГазАймақ»: өр суынан келер қауіп жоқ

img 20240420 wa0047 Экономика

Көктемгі су тасқынына байланысты облыста төтенше жағдайдың жариялануына орай, өңірдегі барлық өмірлік маңызды стратегиялық нысандар қауіпсіз және күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.


Бүгінде кәсіпорын бойынша өр суы басу қаупі бар аймақта тұрған 32 газ тарату жәшігі бар. Олар негізінен Жайық өзені бойындағы Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласында орналасқан.

Өзімізге бөлінген учаскелерде тасқыннан қорғап қалу мақсатында дамбы салу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта аудандардағы және қала аумағындағы ауылдық округтерге қарасты газ тарату құрылғылары мен қондырғыларының айналасы топырақпен бекемделуде. Бұл жұмыстарға барлығы 7 бірлік  техника мен 90-ның үстінде қызметкер тартылып отыр.

Түйіндеп айтқанда, бізге бекітілген учаскелер мен  теңгеріміміздегі нысандарға су тасқынынан келер қауіп төніп тұрған жоқ.


Құрманбек ӨМІРЗАҚОВ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы жалпы бөлімінің басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз