Атырау облысы 99,7 пайызға газбен қамтылған

790e3aa2 a4e7 419d 8a67 bdfa838d49a8 Экономика

«Бұл туралы Тұңғыш Президент күніне орай өткен шарада Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«90-шы жылдардың басында Құлсары қаласы мен Индербор кентінде ғана газ болса, 1995 жылы Атырау қаласы мен облыстағы барлық елді мекенді газ желісімен қамту жұмыстары басталды.

Содан бері облыс аумағында 3 900 шақырым газ желісі салынды. Осылайша өңір тұрғындарының табиғи газбен қамтылу деңгейі 12 проценттен 99,7 пайызға дейін ұлғайды.

​ Екі жарым мыңдай (2​ 480) шақырым ауыз су желісі тартылып, орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 35 проценттен 99 процентке дейін артты» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз