Қазақстанда төтенше жағдай уақытылы жарияланып, дер кезінде шешім қабылданды

33 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Бүгінгі төтенше жағдай – қауіпті вирустың Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін қолға алынған аса қажетті шешім.


Бүгін бір құрдасыммен «осы қауіпті індеттің жұқпасы шынымен бар ма, әлде бұл әлемдік көзбайлау ма?» деген сауалға біраз тәжікелесіп қалдым. Коронавирустың таралуына атүсті қарап, сенгісі келмеген құрдасым Беларусь Президентінің өз елінде карантин енгізбегенін айтып дал.

Бұл ретте менің айтарым, Қазақстанда төтенше жағдай уақытылы жарияланып, дер кезінде шешім қабылданды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл әрекет етіп, карантин жариялауының арқасында біздегі көрсеткіштер өзге елдермен салыстырғанда төмен. Мәселен, Беларусь Республикасымен салыстырғанда біздің елде COVID-19 дертін жұқтыруы 7,85 есеге, қайтыс болғандардың саны 70,8 есеге аз. Беларуста халық саны бізден екі есе аз болса да, бұл елде қайтыс болушылардың саны осынша көп. Неге? Өйткені, бұл елде шұғыл әрекет ету шаралары қолға алынбай, төтенше жағдай жарияланған жоқ.


Бұл індеттің басқа дертке мүлдем ұқсамайды. Оның жұқтыру белгілері 14 күннің ішінде байқалады. Осы орайда қауіпті дерт ең алдымен онымен күні-түні күресуші дәрігерлерге жұғары анық. Өкінішке қарай, індет біздің әріптестерімізге де жұғып үлгерді. Бұл олардың ешбіріне оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан, ең алдымен Мемлекет басшысы айтқандай, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануы қажет. Мұндай жағдайларға жол бермеген жөн.

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау маңызды. Онсыз болмайды. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы әбден мүмкін.Сондықтан, ел арасында әртүрлі жалған ақпараттарға сенбеу керек. Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Бұл ретте карантин талаптарынан қатаң сақтау маңызды.

Егер қазіргі уақытта елімізде төтенше жағдайды аяқтап, карантинді ашып тастар болсақ, дертті қайтадан өршітіп, бүгінге дейін атқарылған жұмыстың барлығы құр босқа кетуі әбден мүмкін. Біздің облыста да дер кезінде шешім қабылданып, бірнеше провизорлық орындар жасақталды. Мұның бірқатары қазір бос тұр.

Осыған шүкір етеміз. Егер бұл орындар шұғыл жасақталмаған болса, ауру өршіп кеткен жағдайда, оны ауыздықтау қиын болар еді. Алдағы уақытта да бұл орындар бос тұра беруі үшін әркім карантин талаптарына бейжай қарамауы тиіс. Өйткені, мұны бүкіл әлем мойындап отыр.


Марат ШУАҚБАЕВ,
облыстық туберкулезге қарсы
диспансерінің балалар бөлімінің меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз