ТАМЫЗДА КОРОНАВИРУС ҚАТТЫ КҮШЕЙЕДІ…

2003260030446362f COVID-19: Соңғы поштадан...

Қазақстанда тамыз айында коронавирус өршиді.

Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, бұл айда қауіпті ауруды жұқтыратындар саны 4000-ға дейін жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде Covid-19-ға шалдығып жатқандар қатары артып келеді. Соңғы бір аптада тіпті екі есеге өскен. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында жағдай ушығып тұр. Үш жылдан бері індетпен күресте біраз тәжірибе жинаған министрлік төсек-орын дайын, вакцина жеткілікті дейді. Омикрон сондай-ақ, әлемнің 15 елінде табылған вирустың жаңа штаммы – «Кентаврмен» дәрігерлер қалай күреспек?

Коронавирус елімізде қайта өршігелі елден маза қашты. Қайта нысандар жабылып, карантин жарияланады деген күдік те басым. Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі әзірге қатаң режім мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Қауіпті індетпен күресуді бес саусақтай меңгерген қазақстандық дәрігерлер күн сайын сырқаттанушылық көрсеткішін бақылап, қай кезде ауру күшке енетінін болжап отыр. Тамыз айында науқастар көбеюі мүмкін. Пессимистік сценарийге сүйенсек, бір күнде 4000 адам вируспен күреседі. Үш жылдағы тәжірибе де осындай үрдісті көрсетіпті. Жағдай қазір де мәз емес. Министрлік дерегінше, бір аптада науқастар саны екі есеге артқан. Тәулік ішінде барлық өңірде коронавирус жұқтырғандар қатары өскен. Нұр-Сұлтанда 864, Алматыда 505, Қарағанды облысында 379 адамнан вирус табылса, тізімнің соңында түркістандықтар тұр. Ауруғандар көбейгенімен, ауруханаға жатқызылған науқастар саны аз. Қазір төсек-орын жүктемесі – 30 пайыз.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитар дәрігері:

– Аурудың өсуіне қарамастан, реанимациялық төсекорынмен қамту 8 пайызды құрайды. Жансақтау бөлімдерінде 44 адам бар, оның ішінде реанимациялық науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында – 24 науқас, Қызылорда облысында – 7 науқас байқалады. Өкпені жасанды желдету аппаратында 7 пациент қосылған. Олардың ішінде 70 жастан асқан 6 пациент, бір жасқа толмаған нәресте біреу. Барлық науқас қоса жүретін аурулармен ауырады. Стационарлық ем қабылдап жүргендердің ішінде де қан айналымы жүйесі, тыныс алу мүшелері бұзылған, қант диабеті және семіздікке шалдыққандар жетерлік. Басым көпшілігі әйелдер. Ал төсек-орындарға келер болсақ, 4500-і дайын. Министрлік соңғы кезде квиден көз жұмғандар туралы күнделікті статистиканы жариялап жүрген жоқ. Бұл шенеуніктердің сөзінше, өлім-жітімнің аз тіркелуімен байланысты. Соңғы алты айда қауіпті індет 785 отандасымыздың өмірін жалмаған.

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

– Кейінгі алты айда елде коронавирустан 785 адам қайтыс болды. Көбі қаңтарақпанда, жүктеме көп болған кезде қайтыс болды. Қаңтарда – 311 адам, ақпанда – 411, наурызда – 54 адам, сәуірде – 3, мамырда – 3, маусымда – 1, шілдеде – 2 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл шартарапты жайлаған вирустан тек вакцина құтқарады дегенді айтудан талмайды. Тіпті, препарат аурудан толық қорғамаса да, оның жеңіл өтуіне әсер етеді. Қазақстанда қазір Синофарм, Пфайзер, Казвакты қосқанда, 1,5 миллион доза екпе бар. Бұл қор қыркүйекке дейін жетеді. Ал күзде отандық вакцина өндірушілер тағы 500 доза қазақстандық препаратты керек жеріне жеткізіп бермек. Еліміз Covid-ке қарсы дәріні әзірге сатып алуға асықпайды. Өйткені, зерттеудің нақты нәтижесі жоқ.

Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ Дәрілік саясат департаментінің директоры:

– Қазір клиникалық хаттамаларды әзірлеушілер бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әлемде коронавирусты емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрідәрмек бар екенін анықтап, зерттеп жатырмыз. Бірақ бұл препараттар зерттеудің барлық кезеңінен өткен жоқ. Бірқатар елдер жағдайға байланысты дәрідәрмектерді шұғыл қолдану бойынша ұсыныстар береді. Қазір клиникалық хаттаманы әзірлеушілер белсенді жұмыс істеп жатыр. Бір айдың көлемінде нәтижелерді жариялаймыз.

Тағы бір айтып өтерлігі, Қазақстан шетелдік вакциналардан бас тартуы мүмкін. Есесіне, отандық QazVac-ты қолдануды жиілетпек. Дегенмен, бұл вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі мойындаған жоқ. Бұған министрліктің өз айтары бар. Яғни, ұйымның қатаң талаптарынан үдесінен шығу оңайға соқпай жатыр. Күзде шетелдік сарапшылар елімізге тағы келіп, отандық препаратты тану бойынша жұмыстарын жалғастырады. Омикронның мутациясы көп. Қазір «кентавр» деген түрі жер-жаһанды жайлап жайлап жатыр. Қазақстанға келуі әбден мүмкін. Бас санитар бұл мутацияның басқа штамдармен салыстырғанда аурудың таралуы мен ауырлығына қаншалықты әсер ететіні туралы нақты дәлелдер жоқтығын алға тартады. Алайда, зерттеу жұмыстары міндетті түрде жасалады. Бұл субнұсқаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бақылап отыр.

Дереккөз: ktk.kz

(фото: ашық дереккөз)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз