Тәртіпке бағынған құл болмайды

ennknk 1 Құқық

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мәлімдеме жолдады.

Шыны керек, Мемлекет басшысының «Халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын» деген сөзі ақпарат саласында жүрген баспасөз қауымын марқайтып тастады.

«Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын» деген Қ.Тоқаев бұл саланың жүгі ауыр, жауапкершілігі зор екенін еске салды. Мылтықсыз майдан жүріп жатқан қазіргі жағдайда «Ақпарат кімнің қолында болса, әлемді сол билейді» деген қағида шындыққа айналды. Төтенше жағдай басталғалы бері барлық журналистермен қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз. Кәсіби мамандар мәселенің мән-жайын жауапты органдардан анықтап, халыққа нақты әрі шынайы ақпарат жеткізді. Президенттің тілшілердің қызметіне дер кезінде лайықты бағасын бергеніне риза болдым.

Президент өз мәлімдемесінде әлемге ауыртпалық түсірген індетті біздің халқымыздың да жеңіп шығатындығын айтты. Ол үшін, “тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” демекші, әрбір азамат осындай қиын кезеңде шыдамдылық танытып, жағдайға түсіністікпен қарап, бүгінгі індеттің алдын алуға бағытталған талаптарға бағына білсе екен дейміз.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз өкілі, капитан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз