Баннер 9 мая от газеты Атырау

Жәрмеңкеге қатысқан студенттердің 87 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты

Жәрмеңкеге келіп жұмыс тапты Білім

Жуырда «APEC Petro Technic жоғары колледжі» ЖШС-і «Fircroft» компаниясымен келісім-шартқа қол қойды.

Жәрмеңкеге келіп, жұмыс тапты

Осы құжат бойынша колледждің екінші-үшінші курс студенттерінің түлектері «Fircroft» және «BI Group» компанияларына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Шара барысында компаниялар өздеріндегі жұмыс барысымен таныстырып, бос жұмыс орындарын жариялады. Сонымен қоса, қандай мамандар керек екенін де айтып берді. Олар вахтамен жұмыс  істей алатын мамандарды іздейтінін де жасырмады.

Келісім-шартқа қол қойған соң бос жұмыс орындар жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке барысында қатысушыларға уақытша еңбек тәжірибесінен өту және тұрақты жұмыстар ұсынылды. Оған қоса, тәжірибелі мамандар студенттерге түйіндемені қалай дұрыс жазу керек екендігін де үйретті.

«APEC Petro Technic жоғары колледжінің» баспасөз қызметінің хатшысы Айжан Есқожиеваның айтуынша, 2016 жылы үш мамандық бойынша бірінші курс түлектері оқуларын аяқтаған. Олардың 87 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Қалғандары оқуларын жалғастыруда. «Жоғары колледжде алты мамандық бойынша 800 студент оқиды», – дейді ол.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз