Атырау

Атырауда жұмыссыздар үшін жәрмеңке өтті

ОПЕРАТОР мен ГЕОДЕЗИСТ КЕРЕК

Кеше облыстық жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жергілікті тоғыз кәсіпорынның жұмыссыздарды тұрақты қызметпен қамтуы үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған екі қолға — бір күрек іздей келгендердің қарасы көп болды. Бірақ, үміткер алдымен іріктеу шарасына қатысуы тиіс.

Читать далее »

Әскерилердің де айтары бар

Парламент депутаттары – ел ішінде

Сенбі күні Мәжіліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Марат Бопазов, Геннадий Шиповских, Жамбыл Ахметбеков Атырау қаласындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде болды. Елбасының Жолдауы арқауына айналған кездесуді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев жүргізіп отырды.

Читать далее »

Қазақстан Журналистер Одағы мүшелерінің қаперіне!

filarmoniya

Атырау облысы бойынша Қазақстан Журналистер Одағы мүшелерінің жалпы жиналысы 2017 жылдың 9 ақпанында, бейсенбі күні сағат 15.00-де Атырау қаласы, Н.Жантөрин атындағы филармонияның ғимаратында өтеді. Жиналыстың күн тәртібінде:1. Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының есеп беру-сайлау және ұйымдық мәселелері; 2. Түрлі мәселелер.

Читать далее »

Өркениетке бастайтын өзгерістер

Депутаттар – ел ішінде

Атырау өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Каспий өңірі қазіргі заманғы колледжінің оқытушыларымен, студенттерімен кездесу өткізді.

Читать далее »

«Ақылды машиналар» ағашты өңдейді

«Ақылды машиналар» ағашты өңдейді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Fab Lab» цифрлық өндіріс зертханасы ашылды. Мұндай зертхана мұнайлы астанада еліміз бойынша алғаш рет жұмысын бастады. Аталмыш өндіріс орталығы – «Заңғар» жобасының «STEM» – білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асты.

Читать далее »

Атырау қаласының 2016 жылғы әлеуметтiк- экономикалық дамуының қорытындылары

fullsize

Өнеркәсіп 2016 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiп-орындармен 225,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 126,7%. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауамен баптау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 34,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 100,9% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы  9,4 млрд. теңгенің қызметі ...

Читать далее »

Атырау аяздан қорықпайды

атырау аяздан

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен «Атырау жылу жүйелері» акционерлік қоғамының президенті Нұрадин Шамшатов мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы билікпен келісілген 2016-2017 жылдарғы күзгі-қысқы науқанға арналған   жоспарлы жұмыс сәтті мәреге жеткізілген. Барлығы 23 шарадан тұратын ағымдағы және күрделі жөндеу жүзеге асырылды.

Читать далее »