Көпбалалы 19 ана алқамен марапатталды

WhatsApp Image 2018 09 12 at 17.28.44 1 Жаңалықтар

Атырауда көпбалалы 19 ана алқамен марапатталды. Салтанатты шара отбасы күніне орай өтті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-12 at 17.28.44 (1)

Қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасановтың қатысуымен көпбалалы 19 ананы алқамен марапаттау салтанаты өтті. Шара Қазақстанда 9 қыркүйек күні атап өтілген отбасы күніне орай ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2018-09-12 at 17.28.45 (1)

Полымбет Хасановтың айтуынша, бүгінде Атырау қаласында 5 мың көпбалалы ана бар, олардың 2940-ы 6 және одан да көп сәби сүйген батыр аналар. Қала әкімі атынан «алтын алқамен» көпбалалы 4 ана және «күміс алқамен» облыс орталығының 15 тұрғыны марапатталды.

– Мен сияқты көпбалалы ана үшін бұл марапатқа ие болу үлкен мәртебе. Мемлекетіміз батыр аналарға ерекше көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Жұбайым екеуміз 1 жас пен 18 жас аралығындағы 7 баланы тәрбиелеп отырмыз, отбасымыз өте жақсы, керемет балаларымыз бар, – дейді алтын алқа иегері Мейрамгүл Жұбайғазиева.

WhatsApp Image 2018-09-12 at 17.28.44

Шара соңында қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов көпбалалы аналарды өткен отбасы күнімен құттықтап, зор денсаулық пен жанұя бақытын тіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз