Жаңа төраға сайланды

qiWVKnqHpRo Шаһар шырайы

Мәдениет, спорт және ақпарат құралдары жергілікті  кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігіне жаңа төраға сайланды. Делегаттар бес жүзге жуық мүшесі бар қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қуандық Батыровтың атқарған жұмысы туралы есебін мақұлдады.

????????????????????????????????????

Конференция жұмысына қатысқан «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Ізтұрған Баймұханов қазіргі таңда кәсіподақтар қызметкерлер өмірінде, олардың құқықтары мен мүдделерін сақтап қорғауда ерекше рөл атқаратындығын айтты. Ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін көтеру, бұл қоғамдық ұйымды ірілендірудің маңыздылығына тоқталып, болашақ жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Кезектен тыс конференцияда ұйымдық мәселе қаралды. Бұған дейін аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы  міндетін атқарған Қуандық Батыров «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Мәдениет, спорт және ақпарат құралдары жергілікті  кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағалығына Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қоғам белсендісі Әбілхан Төлеуішев сайланды.

Бақытжан Хамитұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз