ЕЛ МҮДДЕСІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

Еліміздегі жүз отыздан астам ұлт өкілі тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүруде. Олар бір-бірімен қыз алысып, құдандалы болып, етене жақын араласуда.

Атырау қаласы Әділет бас-қармасында жыл сайын жүздеген ұлт өкілдері бір-бірімен жарасып, шаңырақ көтеріп ағайын болып жатады. Мәселен, кәріс жігіті мен қазақ қызы, татар жігіті мен орыс қызы, болгар қызы мен неміс жігіті, қазақ қызы мен түрік жігіті секілді жұптар бірігіп, жанұя болуда. Мұның өзі көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі жарасымды тірлікті білдіреді.

Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында жауапкершіліктерін сезінуде. Барша ұлт өкілінің осындай тату тірлікте, бақытты да берекелі өмір сүруі Елбасы саясатының жемісі деп білемін. Мемлекет басшысы қай кезде де қоғамдық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының ролін арттыру жайын назардан тыс қалдырған емес. Бүгінде этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблея ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган екендігін дәлелдеп отыр.

                Айбек ҚАДЫРАЛИЕВ,

Атырау қалалық Әділет

 басқармасының басшысы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз