Баннер 9 мая от газеты Атырау

ЖАҢА МАУСЫМ, ЖАҢА ҮМІТ

Атырауда хоккей маусымы басталды. Дүйсенбі күні жаңа маусымның салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан командаға жаңа жетістіктер тіледі.

 

– Жанкүйерлерді жаңа маусымның ашылуымен құттықтаймын. Осы орайда, командамыздың бас бапкері Александр Истоминге де үлкен алғыс білдіремін. Өйткені, Атыраудың хоккейі мен Александр Истоминді егіз ұғымдар деп білемін. Командаға жаңа маусымда үлкен жеңістер мен сәттілік тілеймін, – деді аймақ басшысының орынбасары Ш.Мұқан.

Салтанатты шарадан соң «Бейбарыс» пен «Теміртау» командалары айдынға шығып, еліміздің Әнұранын жанкүйерлермен бірге шырқады.

Тартысқа толы өткен кездесу қарсыластардың үлесіне 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голдың авторы атанған теміртаулық қорғаушы Дмитрий Козловтың алыстан бағыттаған соққысы жеңіс әкелді. Бұдан кейін талай тартысты шабуылдар болғанымен, айдын иелері теміртаулықтар қақпасының саңылауын таба алмады.

Екінші күнгі кездесу де қызыққа толы болды. Қос команда ойыншыларының жойқын шабуылдары қақпа маңында қауіпті сәттер туғызды. Қақпашылар да тамаша «ойыны» арқылы көрерменнің қошеметіне ие болды. Екінші күнгі ойынның тек буллит сериясында тағдыры шешіліп, жерлестеріміз жеңіске жетті. Есеп–3:2.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз