Баннер 9 мая от газеты Атырау

ЕЛ ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛЕТІН СӘТ

Өз басым Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу мәселесін ел мүддесімен өзектес, уақыт сынымен сабақтас көтерілген бастама деп ойлаймын.

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, дағдарыстың шарықтау шегі 2016-2017 жылдарға сәйкес келеді. Өткен жылдың қараша айындағы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке нақты тапсырма беріліп қана қоймай, қордаланған проблемалардан шығудың да жолдары айқындалды. Осы тұрғыдан алғанда да Көшбасшымыздың белгіленген міндеттерді толыққанды орындап, тағы да елімен бірге екендігін ісімен дәлелдеуіне мүмкіндік бергеніміз жөн секілді.

Сабыржан СҰЛТАНОВ,

«Құрманғазы» өндірістік

кооперативінің төрағасы,

Құрманғазы ауданы.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз