ЖЕР-АНАны жаралауға болмайды…

proparoparapr СарапTime

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл.  Адамзат баласы жаралғалы бері Жер-Анадан нәпақа теріп, Жаратушының бұйыртқан ырыздық-несібесіне ие болып келеді. Тарих толқындарына көз жіберсек, жер жаралғалы да бірнеше миллион жылдардың парағы аударылғанға ұқсайды.

Бүгінгі күні адамзат ғылымит е х н и к а л ы қ р е в о л ю ц и я дәуірінің кульминациясын басынан кешіріп жатқанға ұқсайды кейде. Бүкіл адамның алғаусыз арманы мен үкілі үмітін тиеп алып өз өсінен үнсіз айналған жер шары мынау кедергісіз кеңістікте лап етіп жанып кететін сияқты көрінеді.

Өйткені, адам баласының Алла берген санасы мен ақылын пайдалана отырып, жасаған тірліктері түңілтіп жіберетіні рас. Бір-біріне қару-жарағы мен атом бомбасын жасаудан озықтығын айтып, сес көрсетіп жүргендерді қайтеміз, оның бер жағында тырбаңдап күн кешкен екі аяқты пенделердің табиғатқа жасайтын аяусыз қатыгездіктерінен төбе шашың тік тұратыны рас.

ПЛАСТИК ҚАЛДЫҚТАР ПАЙДАҒА АСЫРЫЛСА…

Қазір не көп, зауыт көп. Не көп, мұ н а й ө н і м д е р і қалдықтарынан тұрмыстық бұйымдар жасайтын – дар көп. Мұнай өнімдерін химиялық өңдеуден өткізіп, пластиктер өндірушілер – нағыз табиғаттың жаулары. Олар өз қалталарына түсетін қомақты қаржыны ойлап, жердің ғұмырының қ ы с қ а р у ы н ж е д е л д е т і п жатқандардың қатарында.

Себебі, қазір тұтынудағы пластик бөтелкеден бастап, бүкіл тұрмыста қолданылатын пластик бұйымдар ешқашан шірімейді, жоғалып кетпейді. Жердегі қоқыс қалдықтарын көбейтіп жатыр. Өртеген кезде де ол біржола жойылмайды. Экологтар мұхиттар мен теңіз тамақтарындағы пластик ыдыс-аяқ қалдықтарының су көздерін бітеп жатқанын айтып, дабыл қағуда.

« А т ы р а у » г а з е т і н і ң оқырманы, зейнеткер Абат Ерғалиев ағамыз «Кәсіпкер ж і г і т т е р н е г е п л а с т и к қалдықтарын кәдеге жаратуды қолға алмайды? Оны өртеп, кірпіш құятын қалыпқа құйса, кәдімгідей кірпіш алынады, тек салмағы тас кірпіштен әлдеқайда жеңіл. Құрылысқа нағыз таптырмайтын материал болар еді, әрі арзанырақ» деп өз ойын айтқан болатын. Бұл істі қолға алған атыраулықтар бар екенін білеміз. Мүмкін, осы мақала іскер азаматтардың көзіне шалынып, ағамыз айтқан идея кең қолданысқа ие болар деген үмітіміз де жоқ емес.

АҢДАР МЕН ҚҰСТАР ҚОРҒАЛСА…

Міне, бірнеше айдың жүзі болды, бүкіл адамзат Австралиядағы өртке алаңдаулы. Бірнеше миллиард орман ағаштары, аңдар мен құстар тілсіз жаудың құрбаны болды. Онсыз да құр сүлдері тұрған Жер-Анаға бұл өте бір аяусыз соққы болғаны рас. Аңдар мен құстардың, тал-теректердің аз кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілуде. Құрып кеткен флора мен фауна өкілдерінің табиғатқа әкелетін зардабы өте көп.

Өйткені, жоқ болып кеткен бір түр екінші бір түрдің де жоғалуына әкеліп соғады екен. Одан зардап шегетін, ең алдымен, біз, адам. Табиғат ананың қойнындағы бар байлық адам игілігі үшін жаратылған. Олар – біздің азығымыз, дем алатын ауамыз, тынығатын саялы бағымыз. Соны құрту арқылы адам баласы апатты жағдайды өзі жасауда екенін байқамайтыны өкінішті.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында ақбөкендер шұбырып жүретін Азғыр маңының бүгінгі халі өте аянышты. Киіктер бұл маңнан неге үрікті? Әлде оларды қанағаты жоқ аңшылардың оқтары азайтты ма? Көкейде сауал өте көп. Ал, Ақ Жайықтың әлемге әйгілі шоқыры қайда? Жасанды жолмен өсіріп жүрген қызыл балық табиғи жолмен өздері дамып, өскен түрдің орнын баса ала ма? Әй, қайдам?! Өйткені, біз адамбыз, Жаратушы емеспіз. Адам қолынан келетін дүние шектеулі ғана. Осыны ойдан шығарып алатынымыз болмаса…

ЖАЙЫҚ НЕГЕ ЖУАСЫП ТҰР?

Атырау қаласын қақ ортасынан кесіп өтетін Ақ Жайықтың бүгінгі халіне жылағың келетіні рас. Бір кезде толқыны жарды соғып, қаһарымен қараған жанды ықтыратын, ата-бабамыз Ұлысу атаған асау өзеннің бұйығы қалпы хал үстіндегі науқас жанды көзге елестетеді. Бірте-бірте кемері олқы түсіп ортайған ерке өзен жіңішке өзек болып қалмаса екен деген перзенттік тілекті күдіктің басып кететіні шындық.

Жайықтың егізінің сыңары Еділдің бір саласы Қиғаш болса, оның да жағдайының оңып тұрғаны шамалы. Аталған екі өзеннің суын өндірілген мұнайдың орнына жер астына тұрба арқылы ағызып отырғандар ойланса екен. Ондай мақсатқа дамыған елдерде техникалық суды пайдаланады емес пе? Күнделікті тұтынудан өткен суды жинап, су тазалайтын қондырғылар арқылы тазалап, техникалық суға айналдырып, мақсатты жағдайларға пайдаланса, одан ешкім де жапа шекпес еді.

«Мұнайлы астана» атанған Атыраудың мұңды қалпына жан ашығанмен, қолдан келер көмек жоқ. Сонымен қатар, бүкіл облыс тұрғындары суды шақтап тұтынса, шіркін! Жайықтың ж а ғ а с ы н д а м ы з ғ о й д е п , шүмектеп аққан таза суды канализацияға айдап жатқандар осы істері үшін өздерін кінәлі сезіне ме екен? Түптің түбінде жапа шегетін басқа емес, тұрғылықты халық екенін де естен шығармаған дұрыс.

P.S.

Адамзатты құртатын – ысырапшылдығы екені бесенеден белгілі жағдай. Қазір жиі айтылатын ұшатын тәрелкемен келген бөгде ғаламшарлықтардан сақтанып, «Бермуд үшбұрышынан» қорқып отырғанда «Бір жетсе менің ажалым жетеді сатқындар оқтарынан» деп Төлеген ақын айтқандай, өзіміз төсін еміп отырған талбесігімізге немқұрайлы көзқарас та сатқындықпен бірдей екенін ескергеніміз дұрыс. Жер-Ананы сақтайықшы, ағайын!

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/oj-sarap-zhasyl-baқty-zhajқaltuғa-ne-kedergi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз