Жарнама
Экология

Қиғаш өзенінің суы көтерілуде


Қиғаш өзенінің су деңгейі Шортанбай ауылында бір тәулікте 12 сантиметрге молайыпты. Бүгінде Волга гидроэлектр бекетінен секундына 15740 текше метр су жіберілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалыны мәлімдеді.


Құзырлы мекеме өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Жайық өзенінің деңгейі Батыс Қазақстан облысы аймағында көбеюде. Январцево ауылында – 28 см, Орал қаласында – 13 сантиметрге артыпты.

Ал Атырау облысындағы су деңгейінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Индербор кентінде – 5 см, Махамбетте – 9 см, Атырауда 3 сантиметрге көтеріліп, қазір деңгейі 399 сантиметрге жетті. Бүгінгі көрсеткіште Иректі суқоймасынан секундына 345 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Жем өзені 3 сантиметрге төмендеген. Мұнда көктемгі су тасқынының шарықтау шегі аяқталды.


Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button