Жарнама
Экология

Атыраудағы жағымсыз иіс қайдан шықты?

Бүгін түнде Атырау қаласында түтін иісі сезіліп, жағымсыз жағдай орын алды. Жабық тұрған терезеден өтіп, үйдің ішінде де байқалған бұл мәселеге қатысты тұрғындар алаңдаушылық білдірді.

Атырау облысы бойынша экология департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек Ресей Федерациясының Астрахан облысының далалық жерінде өртенген қамысқа байланысты орын алған.

–8 сәуір сағат 17.50-де тұтанған өрт 800 шаршы метр аумақты қамтыған. Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы осылай деп мәлімдеді, — дейді департаменттің ресми өкілі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button