Жайық өзені Тайпақ тұсында 14 сантиметрге көтерілді

onnnono Жаңалықтар

Жайық өзенінің деңгейі Январцево ауылының тұсында – 8 см, Орал қаласында – 4 см, Көшімде – 2 сантиметрге түссе, Тайпақта 14 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді.

Сала мамандарының ақпаратына сенсек, Жайық өзені Индербор кентінің гидропостында бір тәулікте – 9 см, Махамбетте – 7 см, ал Атырау қаласының тұсында 3 сантиметрге артқан.

Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде. Сонымен қатар, Қиғаш өзені Шортанбай гидробекетінде – 7 см, Котяевка ауылы тұсында – 12 см, Ганюшкинода 5 сантиметрге көбейген. Бүгінгі көрсеткіште Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 25 600 текше метр су жіберілуде.
Ал Жем өзені бір тәулікте 3 см-ге азайып, жалпы деңгейі 163 сантиметрді құрады.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз