Ауыз су сапасы – қатаң бақылауда

450465ca4c850d1a8 Экология

Халқымызда «Сақтықта қорлық жоқ» немесе «Сақтансаң сақтарсың» деген терең мағыналы қанатты сөздер бар. Өңірімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнында тасқынға қарсы шаралар қарқын алды.

Айталық, Атырау қаласы, Белинский көшесі, 1А мекен жайдағы, Алмалы мен Амангелді селоларындағы су тазарту құрылғыларының аумағындағы Жайық өзені жағалауын және тазарту құрылғыларының қоршауын топырақ үйінділерімен бекіту жұмыстары жасалды. Су тазарту құрылғыларының бірінші жүзбелі су көтеру станциялары ағыс жағынан болатарқанмен, станция басқышының деңгейін көтеріп, бекіту шаралары жүзеге асты.

Бүгінде тұрғындар мазалайтын ең маңызды мәселенің бірі – ауыз судың сапасын сақтау екені белгілі. Осыған байланысты, Жайық өзенінен көтерілетін суды тазарту үшін реагенттер қоры алынды. «Тіршілік нәрін» тазарту барысында реагенттердің мөлшері нормативтерге сай қосылуда. Су тазарту құрылғыларында әр 2 сағат сайын Жайық өзені суынан сынама алынып, талдау жасалынуда. Тазартылған ауыз суы қалаға берілгенге дейін 13 көрсеткіш бойынша сынамаларды талдаумен тұрақты зертханалық бақылаудан өтеді. Ол барлық норма талаптарына сәйкес келеді.

Күн сайын Жайық өзенінің суы және тазартылған ауыз су сынамаларының талдауы Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі.

Сондай-ақ, су тазарту құрылғыларында апатты жағдайда жарық өшуі кезінде құрылғыларды электр энергиясыз қалдырмау үшін дизельді электр станцияларымен қамтамасыз етілді.

Ал, Атырау қаласының оң жақ жағалауында орналасқан кәріз тазарту құрылғыларында сорап станциясының аумағын топырақпен қоршау жұмыстары жасалуда.

Су тасқыны кезінде халық арасында инфекциялық аурулардың  таралуын алдын алу мақсатында су дайындау технологиясының сақталуы қатаң қадағаланып отыр. Реагентер тәуліктік жұмсалуына қарай қажетті мөлшерде есептелініп жеткізілді. Әр сағат сайын су үлгілері алынып, талдау жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су қауіпсіздігі көсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкес оны уақытылы зарарсыздандыру ерекше бақылауға алынды.

Мейірім ҚАЛАУИ,

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз