Сурхан өзегін түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде

s ssss Экология


Құрманғазы ауданында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасын табуда.
Соның ішінде жаз мезгілінде өзендердің тартылып қалмауының алдын алу мақсатында Сурхан өзегінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды “Павлодар өзен порты” АҚ-ы атқаруда.

Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін алты шынжыр табанды экскаватор жұмылдырылуда.

Айта кету керек, бүгінде Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 сантиметрге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 193 сантиметр болып тұр.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз