Атырауға Жайық арқылы келетін мол өр суы 1 аптаға кешігіп жетеді деп болжануда

24619705 a073 4ebc bf52 d3baaa45bf16 Экология

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауға Жайық өзені арқылы келетін мол өр суы 20-25 сәуірде емес, бұл уақыттан бір аптаға кешігіп жетуі мүмкін. Мұның себебін облыстық жедел штабта өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев түсіндірді.

Оның айтуынша, жергілікті билік өкілдері  тиісті сала мамандары айтқан әртүрлі пікірді сараптап, осында шешімге келген.

–Негізінен Иректі  су қоймасынан келе жатқан су Ресей мен Қазақстанның шекарасында  үлкен жайылмаларға жайылып кеткен.  Бұл жағдай келе жатқан судың алғашқы жылдамдығын түсіріп тастаған. Сондықтан мол су бес күн немесе бір аптаға кешігіп келуі мүмкін деген болжам айтылуда, – дейді Ж.Бисембиев.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз