Құрманғазы ауданында мұнай төгіп, табиғатты ластағандар анықталды

tild3435 3966 4161 b864 613661636466 oqcv2x5cefe Экология

БЫЛТЫР ҚАРАШАДА ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА МҰНАЙ ТӨГІП, ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ.

Облыстық экология департаментінен білгеніміздей, кінəлі тарап 459 450 теңге айыппұл арқалады. Сұйық мұнай өнімдеріне ұқсас заттар Сүйіндік ауылдық округіндегі «Ыдырыс» жəне «Шегенді» қыстақтарының аралығында анықталған болатын. Бүлінген жер 50 шаршы метр аумақты құрайды.

Бұл жерде былтырғы тамыздан бері «SMART-OIL» серіктестігі барлау жəне бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Ал, кінəлі – мердігер мекеме «Капуанов Б. З.» шаруа қожалығы екені белгілі болды. Олар өздерінің кінəларын мойындап отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз