«ТШО» компаниясының екінші деңгейлі зауыты істен шықты

105a81a2 82ef 48c7 9be6 e2eeebea6da9 Экономика

Өндірістік ақау 6 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында орын алған.

«Теңізшевройл» компаниясының екінші деңгейлі зауыты істен шыққан, деп хабарлайды atr.kz компания таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

«Теңізшевройл» компаниясының мұнай өңдеу зауыты Жылыой ауданының Құлсары қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Зауыт G-211А маркалы сорғысының істен шығуы салдарынан тоқтады.

Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жұмысшылар
эвакуацияланған жоқ.

11:30-да қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Сағат 13:00-де зауыт технологиялық режиміне сай жұмысын жалғастырды.

Автоматиканың істен шығу себептерін «Теңізшевройл» мамандары анықтауда» деп нақтылады компания.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз