КРЕДИТ КЕШІРІЛМЕК…

5d7f00930eeaf308596687 750x500 1 Экономика

Елдің Бюджет кодексіне «Өндіріп алуға үміт жоқ қарыз» атты ұғым енгізіп, ол бойынша қарыз алғандарға қойылатын талапты жою ұсынылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Осылайша Қазақстанның несие портбфелін 90-шы жылдардағы реттелмеген несиелер кезіндегі уақыты өткен қарыздардан тазалау көзделіп отыр.
Қарызы бар адамдардың заңды мәртебесі туралы қандай да бір ақпарат жойылған. Әділет министрлігінің базасында да мәлімет жоқ. Осыған байланысты, қарыздарды өндіріп алу бойынша одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ,
деп жазылған ашық НҚА порталында.
«Сондай-ақ, қарызды қазіргі бюджет заңнамасы бойынша да өндіріп алу мүмкін емес» делінген хабарламада.
Экспресс К анықтағандай, бұл жерде халыққа берілген несие емес (жеке тұлғаға емес), 90-шы жылдары мемлекет тікелей бизнеске берген бюджеттік несие туралы айтылып отыр.
Бұл Қазақстан Республикасы әкімдіктері мен үкіметінің кепілдігімен берілген директивалық несиелер, меншікті айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер және басқа да несиелер.
Қазір нақты бір соманы айту мүмкін емес, өйткені, қарыз алғандарды және растайтын құжаттарды іздеп жатырмыз. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша реттелмеген қарыз көлемі 120 миллиард теңге болған,
дейді сұраухатымызға жауап берген Қаржы министрлігі.
Қаржы министрлігінің өкілдері нақтылағандай, бұл процесті жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет емес. Сондай-ақ, талапты тоқтатуға негіз болатын құжат әлі заң бойынша анықталмаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз