Қабырғасы жарылған атыраулық мектепке қатысты мәлімет белгілі болды

2022 09 02 101125794200 Білім

Желіде Атырау облысында қабырғасы жарылып тұрған ауыл мектебінің бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбадағы ғимараттың Құрманғазы ауданы Мақаш ауылындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектеп екендігі анықталды. Мәселенің мәнісін білу үшін ATPress.kz тілшісі мектеп басшылығына хабарласты. Мектеп директорының айтуынша, білім ордасы 1992 жылы пайдалануға берiлген және соңғы рет 2014 жылы күрделі жөндеуден өтіпті. Ал, қабырғаның жарығы жақында ғана белгілі болған.

Д.САБИРОВ, мектеп директоры: «Осы жылдың мамыр айының аяғында 1 қабатта орналасқан мектепалды даярлық кабинетiнiң кабырғасында жарық пайда болды. Дер кезінде аудандық бiлiм бөлiмiне хат жазылып, соның нәтижесiнде ауданнан кұрылған арнайы комиссия келiп, техникалық сараптама жасауға ұсыныс берді. Осы кезде каражат көзi iздестiрiлiп, сараптама жасау үшін маусым айының 28-і мен шілде айының 5-і күндері аралығында сараптамалық қорытынды жұмыстары ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша хабарландыру берiлiп, «Gamzatpoekt» ЖШС жеңiмпаз болып анықталды».

Анықталған мекеме 11 – шiлде күнi техникалық сараптама дайындап, жарылған қабырғаны қайтадан қалпына келтiру үшiн сметалық құжаттама жасақтаған. Сол арқылы құрылыс жұмысын жасауға баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша хабарландыру берiлiп, нәтижесінде ЖК «Бейбарыс» екі өнім берушiнiң iшiнде жеңiмпаз болып танылған. «Аталған мердiгер мекемемен 2022 жылдың 24 – тамызы күні келісімшарт жасалынып, 20 жұмыс күні ішінде аяқтау мерзiмi бекiтiлдi. Күнi бүгiн жасақталған сметалық кұжатқа сəйкес жұмыстар жүргiзiлiп жатыр» дейді мектеп директоры.

Қазіргі уақытта жарығы бар қабырғаның тұсындағы кабинеттер көшірілген. Мектеп басшылығы жақын күндері жөндеу жұмыстары аяқталады деп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз