Жерлес палуан жүлдеге ие болды

vckkkkkkk Спорт

Жақында редакциямызға Қарағанды қаласынан қуанышты хабар жетті. Қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналған «Сарыарқа батырлары» Азия кубогінің күміс жүлдесін жерлесіміз Сұңғат Закаряев қанжығасына байлапты.

Бұған дейін республикалық деңгейде өткен турнир биыл Азия кубогі деңгейінде ұйымдастырылған екен. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикалары, Қытай және Моңғолия елдерінің спортшылары қатысқан.

Атырау облысы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқаратын палуан 100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің тісқаққан спортшы екенін дәлелдеді. Дүбірлі додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшы Азия кубогінде күміс жүлде иегеріне тігілген 250 мың теңгеге ие болды.

Бұл – жерлесіміздің ғана жарқын жеңісі емес, күндіз-түні баптаған жаттықтырушылардың да еселі еңбегі.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз