Биыл ҰБТ қашан өтеді?

2021 03 10 4890be129a82aef313be6bf1f1372987 Білім

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ҰБТ кейінірек басталады. Бұл тізімде Атырау облысы да бар.

Республиканың Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеу 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді.

Қалған талапкерлер үшін өтініштерді қабылдау мерзімі – 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кету керек, биыл барлық талапкер аталған сынақты екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз