Жарнама
Білім

Құлсарылық оқушылар Балқашқа барады

Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 23 оқушы 3 мамыр күні Балқаш қаласына лагерьге аттанады.

Негізінен оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсарының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагерьдің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданды, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, республика Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «Балдәурен» жазғы лагеріне Құлсары қаласының оқушылары үшін биыл орындар көптеп бөлініп жатыр.

-Құлсары қаласында 3000-нан астам оқушы баспанасыз қалған. Оларға көңіл бөлу, қамқорлық жасау білім беру мекемесінің басты назарында. Осы орайда 23 бала 3 мамыр күні жазғы лагерьге барады.

Жалпы, Атырау облысы бойынша оқушылар Балқаш қаласынан бөлек, Ресей Федерациясының Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына, Индер ауданындағы «Жас Өркен» және Махамбет ауданындағы «Арай» балалар демалу лагеріне жіберіледі, — дейді Орынтай Молдашқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button