Ішкі рейстер ашылды: Атырауда ұшақтардың қай бағыттарға ұшатыны айтылды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. 25 мамырдан бастап Атырауда ішкі рейстер ашылды. Алғашқы рейстер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұша бастады.


Әр бортта шамамен 100 жолаушыдан орналастырылып жатыр.
Соңғы санитарлық талаптар бойынша, ұшаққа отыратын жолаушылар міндетті түрде маска тағып жүруі керек. Және жолаушылардың әрқайсысы әуежай ғимаратына кірерден бастап. міндетті түрде термометриядан өтеді.


Жолаушыларды ұшақ бортында орналастыру ережесінде өзгеріс жоқ. Десе де, ұшу кезінде орын ауыстыруға тыйым салынып отыр. Жоспар бойынша, 1 маусымнан бастап рейстер Ақтау қаласына да ашылуы тиіс.


Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының өкілі Феруддин Арифтің айтуынша, жолаушылардан ПЦР тест нәтижесі талап етілмейді.


«Дегенмен, әуежайға кіргеннен бастап, тіркелу, ұшу кезінде де бетперде тағып отыру міндетті. Әуежай санитарлық талаптарға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Қызметкерлер күн сайын тексеруден өтіп жатыр» дейді Феруддин Ариф.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған