Блокпостағы көлік апатынан көз жұмған екі полицей «Айбын» орденімен марапатталды

3 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен блокпостағы апат кезінде көз жұмған екі полиция қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

*** Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

2 4

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 мамыр № 339

1 28

***

Еске салсақ, қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуық Алматы облысындағы № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан.

Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды. Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз